Бұл деректерді бүгін Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Парламент Сенатында өткен «Өңір» депутаттық тобының мәжілісінде айтты.
Алматыда барлығы 13 өртке қарсы күрес бөлімі бар. Олар қаланың тек 50 пайызының ғана қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауқарлы. «Алып шаһарда қауіпсіздікті толық қамтамасыз ету үшін 26 өртке қарсы күрес бөлімдері болуы тиіс. Сондай-ақ Астанада осындай 20 бөлім қажет болса, бізде бары -10. Мен бұл туралы 4 жыл бойы айтып келемін. Әрине, бұл бағытта аздаған ілгерілеушіліктер бар. Биылғы жылы біз Алматы мен Астанада өртке қарсы күрес деполардың құрылысын бастадық. Биыл ол бірді-екілі ғана болса, келесі жылы олардың саны біршама арта түседі. Осы бағыттағы жұмыстарға депутаттар белсенді көмек көрсетсе екен», - деді министр.