Алматыдан 110 шақырым жерде 3,2 балл қуатпен жер сілкінді
11:14, 04 Тамыз 2012
АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Астана уақыты бойынша сағат 22.10-да, күші 3,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан 110 және Қызыл Ту ауылынан (Қырғызстан) 34 шақырым қашықтықта орналасты.
Жапа шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат әзірше келіп түскен жоқ. Қазақстанда зілзала қандай күшпен байқалғандығы да белгісіз.