Алматыдан 117 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 22:13-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 117 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,7, магнитудасы - 3,8. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер асты дүмпуі сезілген жоқ