Алматыдан 126 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісінің хабарлауынша, 19 қазан күні сағат 10.11-де жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 126 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. Магнитудасы - MPV 4.2. Тереңдігі - 15 шақырым.

Жер асты дүмпуінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.