Алматыдан 145 шақырым жерде жер сілкінді

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансасы кеше Алматы уақыты бойынша 10 сағат 03 минут 38 секундта (Гринвич бойынша 2013 жылғы 21 қыркүйекте 04 сағат 03 минут 38 секундта) жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 145 шақырым жерде Қырғызстан аумағында болды.

Жер сілкінісінің күші 8,9 баллды құрады, магнитудасы MPV 4,0. Зілала кіндігінің координаттары 42.00° солтүстік ендікте,76.20° шығыс бойлықта. Тереңдігі 20 км. Сезілуі туралы мәліметтер жоқ.