Алматыдан 152 шақырым қашықтықты 3,5 балл қуатымен жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2 наурыз күні алматы уақытымен 21 сағат 05 минут 16 секундта жер сілкінісін тіркеді.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 152 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 8.5. MPV бағаны бойынша магнитудасы - 3.5. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар түскен жоқ», - делінген таратылған хабарламада.