Алматыдан 203 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылды
Спикердің айтуынша, коммуналдық қалдықтарды жинау үшін 1454 контейнер алаңы бар, онда 8 003 контейнер орнатылған.
«Барлық жиналған қалдықтар қоқыс сұрыптау кешеніне шығарылады және ары қарай өңдеу мен көмуге жіберіледі», - деді Сергей Герасименко.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында шығарылған қалдықтардың көлемі 203 мың тонна, өңделгені – 33 мың тонна, өңдеу үлесі – 16,6 пайызды құрады.
Экология және қоршаған орта басқармасының өкілі хабарлағандай, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу қазір қажетті көлем мен сапада аз жүзеге асырылады.
Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша көрсеткіш тек 17% - ды құрайды. Қалдықтардың қалған 83%-ы полигонға көмуге жіберіледі.
Спикер ұзақ мерзімді дамудың шеңберінде 2030 жылға дейін қайта өңдеу тереңдігін тағы 30-40%-ға арттыру үшін RDF (Refuse-derived fuel) отын өндіру зауытын салу жоспарланғанын хабарлады.
Оның айтуынша, 2025 жылға дейін қоқыс қабылдау орындарының санын 100 бірлікке дейін, торлы контейнерлерді 3000 бірлікке дейін ұлғайту жоспарлануда.