Алматыдан 231 шақырым қашықтықта 4.6 балдық жер сілкінісі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі сейсмикалық стансаларының желісі 2016 жылғы 29 желтоқсанда Алматы уақыты бойынша сағат 19:05-те жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің кіндігі Қазақстан аумағында, Алматының оңтүстік-шығысына қарай 231 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы 10.0.

Магнитудасы MPV 4.6.

Тереңдігі -  0-5 шақырым.

Сезілгені туралы мәлімет  (МSК-64 шәкілі бойынша): жоқ», - делінген хабарламада.