Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласының оңтүстік-шығысынан 242 шақырымда орналасқан. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.
«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.4. MPV магнитудасы 4.8. Эпицентрдің бағыты 42.20° с.е. 79.53° ш.б. Тереңдігі 15 шақырымды құрайды. Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 өлшемі бойынша) жоқ», - делінген хабарламада.