Бұл туралы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сайтында хабарланды.
Жер сілкінісінің кіндігі Қытай аумағында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,7. MPV тербелісі 4,2. Зілзала ошағының координаттары солтүстік ендікте 41.39º, шығыс бойлықта 78.79º. Тереңдігі 0 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәліметтер жоқ.