Алматыдан 260 шақырым қашықтықта жерасты дүмпулері тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 02 сағат 20 минут 16 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында болды, деп хабарлады «ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологилық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.3. Тербелісі MPV 4.6. Жерасты дүмпуі ошағының координаттары - 41.85° солтүстік ендік, 79.52° шығыс бойлық. Тереңдігі 5 км. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.