Алматыдан 263 шақырым қашықтықта жер сілкінді
07:09, 27 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісінің хабарлауынша, 27 қазан күні сағат 06.36-да жер сілкінісі тіркелді.
Зілзала ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 263 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.8. Магнитудасы - MPV 4.1. Тереңдігі - 25 шақырым.
Жер асты дүмпуінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.