«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 271 км жерден басталған. Зілзаланың эннергетикалық дәрежесі - 9.4. Магнитудасы - 4.5. Зілзала ошағының орналасқан аймағы 44.71° бойлық 79.56° ендікте.
09:41, 25 Қараша 2016
Алматыдан 271 км аймақта 4,5 балдық жер сілкінісі қайталанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» 2016 жылдың 25 қарашасы күні Алматы уақыты бойынша сағат 08-55-тер шамасында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.