АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 3 сағат 48 минут 56 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 281 км жерде, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.9. MPV тербелісі - 4.7. Зілзаланың 5 км тереңдікте тіркелген», - делінген хабарламада.
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.