АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 10:52-де (2013 жылғы 2 мамырда, Гринвич бойынша сағат 04:52-де) «ҚР БҒМ ҒК-нің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының» сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 298 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасты.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.7. MPV магнитудасы - 4,9. Жер сілкінісі ошағының координаттары - солтүстік ендіктің 42.13° мен шығыс бойлықтың 73.58°. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезінушілік туралы мәліметтер келіп түскен жоқ.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.