Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 318 шақырым қашықта Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.0, магнитудасы – 4.7. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған. Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.
01:42, 11 Мамыр 2020
Алматыдан 318 км жерде жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 10 мамырда Алматы уақытымен 22 сағат 49 минут 13 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.