Алматыдан 323 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмикалық сынамалы-әдістемелік экспедиция комитеті 10 маусымда 06 сағат 12 мин.06 сек. жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала кіндігі Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 323 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10.6, магнитудасы MPV 5.0, тереңдігі 10 шақырым.