Алматыдан 337 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 06:48-де жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 337 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7. Магнитудасы MPV 4.5 Эпицентр координаттары 40.27° с.ш. 77.97° в.д. Тереңдігі - 5 км. Сезілуі туралы мәлімет жоқ (МSК-64 шкаласы бойынша).