Алматыдан 343 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан 343 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінді.

«10 наурызда Алматы уақыты бойынша 11 сағат 43 минут 35 секундта «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 343 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1, магнитудасы - 4,6. Координаттары 40.24° с.е. 78.10° ш.б. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілуі (МSК-64 бағанымен) туралы мәліметтер жоқ», -делінген ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ хабарламасында.