Алматыдан 348 шақырым қашықтықта жер сілкінді
00:01, 21 Қыркүйек 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісінің хабарлауынша, кеше, 20 қыркүйек күні сағат 22.09 жер сілкінісі тіркелді.
Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан 348 км оңтүстік-батыста орналасқан. Жерсілкінісі энергетикалық сыныбы 11.0. Магнитудасы- MPV 5.2 Тереңдігі 20 км.
Тараз қаласындағы жерасты дүмпулерінің күші 2 балл болған .