«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 356 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10,2. MPV магнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінген таратылған хабарламада