Алматыдан 357 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 12 сағат 03 минут 05 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жерасты дүмпуі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 357 шақырым жерде, Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1. MPV тербелісі - 4.4, ошағының тереңдігі - 10 км», - делінген хабарламада.