Алматыдан 359 шақырым жерде жер сілкінді
17:41, 27 Желтоқсан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 16.38-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 359 шақырым жерде Қытай Халық Республикасы аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5, магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 0-5 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.