Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 366 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11,7. MPV магнитудасы – 5,4. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілу туралы (МSК-64 бағаны бойынша) ақпараттар жоқ.
23:29, 21 Ақпан 2020
Алматыдан 366 км қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 21 ақпан күні Алматы уақытымен 21 сағат 39 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.