«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 367 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10,6. MPV магнитудасы – 4,5. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түскен жоқ», - делінген Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы ақпаратында.
Еске салайық, бүгін Алматы облысының Талдықорған және Текелі қалаларының тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезінген болатын.