Алматыдан 37 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 14 қазан күні сағат 11:53-те жер сілкінісін тіркеді.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 37 шақырым қашықтықта Қазақстан мен Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,8 болса, MPV магнитудасы - 3,3, ал тереңдігі - 15 шақырым.