Алматыдан 374 шақырым қашықтықта 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді
12:43, 24 Қараша 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы уақыты бойынша 11:48-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 374 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9, магнитудасы - 4.5. Тереңдігі - 10 км.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.