«Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 386 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 8.5. MPV магнитудасы - 3.5. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ», - делінген таратылған хабарламада.
20:01, 14 Мамыр 2017
Алматыдан 386 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 14 мамыр күні Алматы уақытымен 17 сағат 00 минут 30 секундта жер сілкінісін тіркеді.