«25 желтоқсанда Алматы уақытымен 01 сағат 52 минут 46 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 390 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2, MPV тербелісі - 5. Координаттары - 39.79° с.е. 75.79° ш.б. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәліметтер - жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісінің хабарламасында.