Алматыдан 43 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 14:24-те жел сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 43 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 8.5. Тербелісі - MPV 4.0, тереңдігі - 10 шақырым.

Құрбан болғандар және қиратулар туралы мәліметтер түскен жоқ.