Алматыдан 437 км қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ стансылар желісі 2018 жылдың 18 шілдесі күні Алматы уақытымен 21 сағат 11 минут 01 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзаланың ошағы Алматыдан шығысқа қарай 437 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты - 9.6. MPV магнитудасы - 4.3. Тереңдігі - 30 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ», - делінген таратылған хабарламада.