"Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 512 км қашықтықта Қырғызстан мен Қытай шекарасында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалық қуаты 10,7. Магнитудасы MPV 4.9. Ошағының бағыты 39,27 с.е. 73,71 ш.б. Тереңдігі 5 км»,-делінген құзырлы орган таратқан мәліметтерде.
17:55, 19 Желтоқсан 2016
Алматыдан 512 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық станциялар желісі 2016 жылдың 19 желтоқсаны күні Алматы уақыты бойынша 16 сағат 57 минут 24 секундта жер сілкінісін тіркеді.