Алматыдан 529 шақырым қашықтықта 5,5 балдық жер сілкінісі болды
19:27, 14 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан 529 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында, 5,5 балдық жер сілкінісі болды.
«ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісінің дерегіне сәйкес, Алматы уақытымен 14 наурыз күні 17 сағат 07 минут 46 секундта жер сілкінді.
Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 529 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкіністің энергетикалық сыныбы - 12.2. MPV магнитудасы - 5.5. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет жоқ.