«12 ақпан күні Алматы уақыты бойынша сағат 20 сағат 39 минут 48 секундта жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 547 шақырым жерде Тәжікстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,6. MPV тербелісі 6.1 Ошағының координаттары 38.85° с.е. 73.86° ш.б. Тереңдігі - 200 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) ақпарат жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісінің хабарламасында.
21:56, 12 Ақпан 2016
Алматыдан 547 шақырым қашықтықта тербелісі 6,1 жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 547 шақырым қашықтықта тербелісі 6,1 жер сілкінді