Алматыдан 573 км қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 маусымда Алматы уақытымен 07 сағат 30 минут 47 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 573 шақырым қашықта Тәжікстан аумағында орналасты. Энергетикалық санаты - 12,8. Магнитудасы – 5,7. Тереңдігі - 10 километр. Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәліметтер түскен жоқ.