Алматыдан 576 шақырым жерде жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 03 сағат 37 мин 36 секундта «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 576 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.5. MPV тербелісі - 5. Ошағының координаттары 38.78° с.е. 73.31° ш.б. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілуі (МSК-64 бағанымен) туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.