Алматыдан 62 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 сағат 44 минутта ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» стансасы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 62 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.7. Магнитудасы - MPV 4.0. Ошағының координаттары 42.64° с.ш. 76.84° в.д. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілуі жөніндегі мәліметтер (шкала бойынша МSК-64): жоқ» делінген СТӘЭ хабарламасында.