Алматыдан 77 шақырым жерде жер сілкінісі болды
09:22, 11 Желтоқсан 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы уақыты бойынша 07:45-те Алматыдан шығысқа қарай 77 шақырым жерде Қазақстан аумағында күші 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «ҚР БҒМ СТӘЭ» ММ сейсимикалық стансалар желісі.
Жер сілкінісі 30 шақырым тереңдікте орын алды. Оның энергетикалық күші - 9.1.