Алматыдан 83 км қашықтықта жер сілкінді

Photo: Getty Images
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 шілде күні Алматы уақытымен сағат 18.48-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 83 км қашықтықта Қазақстан аумағында болды.

Энергеикалық класы - 9.1.

MPV Магнитудасы - 4.2.

Зілзаланың бағыты 43.30° с.е. 77.93° ш.б.

Тереңдігі - 15 км.

МSК-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат: жоқ