Алматыдан 844 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі  2017 жылдың 18 сәуірінде Алматы уақытымен 05 сағат 04 минут 41 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 844 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 12.2. MPV магнитудасы - 5.6. Тереңдігі - 60 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша дүмпудің сезілуі туралы ақпарат жоқ», - делінген «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» таратқан хабарламада.