Алматыдан 886 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін, 4 маусымға қараған түні Алматы уақыты бойынша 00:00 сағат 27 секундта (Гринвич уақыты бойынша 2014 жылдың 03 маусымы күні 18 сағат 00 минут 27 секундта) жер сілкінісі болды.

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген. Жер асты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 886 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық күші 12,3 болса, магнитудасы - MPV 5.1, ал тереңдігі 0-5 шақырымды құраған. Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.