Алматыдан 95 шақырым қашықтықта жер сілкінді
22:19, 23 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 23 тамызда 20 сағат 07 минут 08 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзаланың ошағы Алматыдан 95 км қашықтықта Қазақстан аумағында болды. Жер сілкінісінің тербелісі - 5.0. Тереңдігі 5 км.
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.