Аталған алау эстафетасы биылғы жылғы сәуірдің 24-і күні Жапонияның Хиросима қаласынан басталған болатын. Қыркүйектің 27-і күні Мәскеуге жетіп, аяқталады. Бұл күні эстафетаның еуропалық қатысушылары да Мәскеуге келеді. Еуропалық алау эстафетасы ақпанның 26-сы күні Ирландия астанасы Дублинде басталған болатын. Эстафетаның азиялық бөлігінің ұзындығы 23 мың шақырым.
Халықаралық «Бүкіләлемдік үйлесімділік жүгірісі» эстафетасын 1978 жылы белгілі гуманист, филиософ Шри Чинмое ұйымдастырған болатын.