Медеу аудандық полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының бес тұрғынын ұстады.
Олардан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақтар табылды.
Күдіктілер бұл заттарды тонау жолымен алғанын мойындады.
Сондай-ақ, ұсталғандардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдері, оқ өтпейтін киім мен қалқандары тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық іс сотқа жіберілетін болады.