Алматыдан Қостанайға 120 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматылықтар Қостанайда өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарға 2 жүк көлігімен 120 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаламыздың күшімен барлығы 120 тонна көмек жиналды, оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, бірінші кезекте қажетті заттар, сондай-ақ тұрмыстық техника, құрылыс материалдары және арнайы жабдықтар (бензин генераторлары, құрылыс құралдары және тағы басқалар)»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Тағы 4 жүк көлігін жөнелтуге дайындап жатыр.

«Гуманитарлық көмекті жинауға және тиеуге еріктілер, кәсіпкерлер және қала тұрғындары арасынан 200-ден астам адам қатысты»,- деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қостанай өңірінде өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек беруге арналған бірыңғай қоғамдық қор құрылды.