Алматыдан мың шақырым жерде жер сілкінді
17:15, 02 Наурыз 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2 наурыз күні. Алматы уақытымен 15 сағат 58 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1000 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.6. MPV магнитудасы 6,2. Тереңдігі 80 км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.