Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 184 шақырым жерде жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 21 сағат 32 минут 19 секундта Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 184 шақырым жерде Қырғызстан аумағында жер сілкінді.

Бұл туралы «ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмикалық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ хабарлады.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.0. Тербелісі MPV 3.8. Жерасты дүмпуінің координаттары - 42.27° солтүстік ендікте, 75.05° шығыс бойлықта. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.