Алматыдан онтүстік-батыста Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық стансасы желісімен 2016 жылғы 23 қаңтарда 10 сағ. 54 мин. 24 сек. Жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпиорталығы Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасының аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батыста 805 шақырым қашықтықта орналасқан. Зілзаланың қуат сыныбы 10.8. Магнитудасы 5.1. Тереңдігі 100 км. Сезілуі туралы мәлімет (МSК-64 меже бойынша) жоқ.