Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 216 шақырым жерде жер сілкінісі болды

АЛМАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақыты бойынша 13 сағат 56 миут 24 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 216 шақырым жерде орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 9,1, тербелісі - MPV 3,9. Жер сілкінісінің координаттары - солтүстік ендікте 42.58°, шығыс бойлықта - 79.42°. Тереңдігі 10 шақырым.

Сезілуі туралы мәліметтер (МSК-64 бойынша) жоқ.