Алматыдан оңтүстікке қарай жер сілкінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісінің хабарлауынша, 22 қазан күні сағат 19.02-де жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 427 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 9.9. Магнитудасы - MPV 4.5.

Тереңдігі - 5 шақырым. Жер асты дүмпуінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.